Шетелден масыл спортшыларды әкелгенше, қар күрейтін арық қазатын техника әкел  - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден масыл спортшыларды әкелгенше, қар күрейтін арық қазатын техника әкел 

Шетелден масыл спортшыларды әкелгенше, қар күрейтін арық қазатын техника әкел 

Еліміз тағы да өткеннен сабақ алмай, қателіктерінің азабын тартып жатыр. Қыста өз үйлерімізде жылусыз қаттық, ал көктемде міне су астында қалдық. 

  • 29 Наурыз
  • 16
Фото: Ақтөбе әкімдігі

Қаншама халық әбігерге түсіп үйі, дүние-мүлкі суға кетіп жатыр. Жылда осы, осының алдын алуға болатын еді. 

Жолдың жайы оңып тұрған жоқ. Бірақ біз дамыған 50 елдің қатарына еніп кеткен жоқпыз ба? Не зауыты жоқ, не халықтың киімін тігетін  фабрикасы жоқ, түйреуіш пен шырпы шығару да қолымыздан келмей қалғаны ма? Әйтеуір шара (тазик) шығара аламыз, бұған да шүкір дейміз. 

Жоғары білімі бар жастарымыз ағылшындардың құлпынайын жинап жүр, ал кейбіреулері кәрістердің елінде қара жұмыста жүр. Бұл да жетістіктеріміздің бірі ме? Қарапайым халық емделуге өзбектерді жағалап, сол жаққа ақшалары барлар топ-тобымен барып жатыр. Бізде білімді дәрігерлер жоқ па?

Бар, бірақ…

Бір үйді су алса да үлкен қайғы, ал қазір жарты миллион адамның өмірі қыл үстінде тұр» деді мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 27 наурызда үкімет мүшелеріне су тасқынына байланысты жолдаған депутаттық сауалында. Ол үкімет пен әкімдіктерді көктемгі табиғи апатқа дайын емес деп сынады.

Он облысты су басты. Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылы тұрғындарының шырылын ешкім естімеді. Тұрғындар қыс бойы ауыл ішіндегі қар тазаланбай, ол еріген соң, көшелерді су басып, жаяу адам түгілі, көліктердің жүруі қиындағанын айтып шағымданған еді. Белгілі болғандай Қоянды ауылы қыстың қамына былтыр қазан айында кіріскен. 

Өңір-өңірде су деңгейі көтеріліп жатқан тұста Абай облысында үш адам жоғалып кетті.

Батыс Қазақстанда халық бірнеше күннен бері байланыссыз, сусыз, жарықсыз отыр. Өңірдегі елді мекендерді топан су басып, қазір мұнда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс орталығының өзінде екі күнде 432 түрғын үй мен 17 әлеуметтік нысанды су басты. Қалалық арухананың бірінші қабаттарын да су алып кеткен. 

Қаратөбе, Теректі және Сырым ауданы ең көп зардап шеккен. Мұндағы үйлердің біразы қирап қалған. Қаратөбе ауданында 130 үйдің 80-і су астында қалып отыр.

Апатқа ауыл тұрғындары да, жергілікті билік те дайын болмаған. Неге? Қыстан кейін көктем келетіні, үйілген қарды шығару керектігін жергілікті атқарушы орган білген жоқ па еді? Алдын ала осындай жағдайларға техникасын сатып алып, дайын отырмаушы ма еді? 

27 наурыз күні бір қайық пен бір тракторға тиеліп, 350-ге жуық адам мектепке жиналған. Олар суық мектепте аш жалаңаш отырды. Мұны әкімшілік растады. Апатты ешкім күтпегендіктен оқу ғимараты эвакуациялық пункт ретінде алдын ала жабдықталмаған. 

«Су тасқыны — табиғи құбылыс. Оны тежеу оңай болмай жатқаны рас. Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемді суды сыйғыза алмайды. Яғни, қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан, біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймын. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер наурыздың 26-сы күні қала аумағында күннің күрт жылынуына байланысты дала сулары көтерілді. Бірнеше тұрғын алаптар мен бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді. Бүгінгі күні 73 үйге су кірді. 155 адам эвакуацияланды. 

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек беріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Тағы да айтарым, сіздердің өмірлеріңіз біз үшін маңызды! Су тасқынымен күреске көмектесіп жүрген тұрғындарға рахмет. Осы қиын жағдайда сіздерді бірлікке шақырамын» — деді қала әкімі Азамат Бекет.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты.

primeminister.kz

Бүгінгі жағдай бойынша облыстың үш ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір) және Ақтөбе қаласында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 

6 ауданда электр қуаты апатты түрде ажыратылып, 200-ге жуық үй су астында қалды, 2 870 адам эвакуацияланды.

Су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жеделдету үшін Ақтөбе облысына шамамен 220 адам және 25-тен астам техникадан жасақталған Маңғыстау облысы ТЖД, 52859, 20982 әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. 

Жалпы өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 1 735 адам, 350 техника мен 62 мотопомпа жұмылдырылған.

Мемлекеттік органдардың барлық күш-жігері су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған. Зардап шеккендерге Үкімет пен әкімдіктер тарапынан қажетті көмек көрсетілетін болады.

«Биыл табиғат апаты өте ауқымды. Су мөлшері де көп. Соңғы рет ұқсас апат 1993 жылы болған. Оның үстіне толассыз жаңбыр жауып, қар суы да еріп бітпеген еді. Жер жібімей, су сіңе алмады», — деді Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі. 

2022 жылы да Қазақстанда 200-ден астам елді мекен қауіпті аймақта қалған. Ол кезде су тасқынына қардың уақытылы шығарылмауы, арықтардың тазаланбауы мәселенің себебі ретінде айтылған.

Қазіргі тасқын салдарынан мемлекетке келетін шығын, сол жерлерге айналдыра канал қазып, су қоймасын жасаудан бірнеше есе көп болады. Ал каналдар мен су қоймасын 1 рет жасайды. Тасқын болса жыл сайын осы шығынды әкеледі де отырады. Мемлекетке қайсысы тиімді?

Апат салдары деп жыл сайын ақша жеу үшін жемқорларға канал қазып, қойма жасау мүлде тиімсіз болып отырған сияқты?

«Алматы маңайындағы көлдер мен платиналардың жағдайы қалай? Қауіп жоқ па? Мамандар не дейді? Басшылар бақылап отырған шығар иә? «Ақша жасау» жолдарын қарастырып, «схема сызудан» қолдары тимей жатқан жоқ па? Құдай бетін ары қылсын!

Су басқан, суға кеткен аймақтарға көңіл айтамын… Бір Құдайым жар болып, артын қайырлы қылсын», — деп ойын білдірді журналист Сәуле Әбілдаханқызы. 

Соңғы жаңалықтар