Шыңғыс ханның ең сүйікті жарының есімі Қорлан ба?  - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңғыс ханның ең сүйікті жарының есімі Қорлан ба? 

Шыңғыс ханның ең сүйікті жарының есімі Қорлан ба? 

Бөрте - Шыңғыс ханның бәйбішесі. Ол қағанмен ыстықта да, суықта да бірге болып адал өмір сүрген.

  • 16 Сәуiр
  • 15
Фото: ашық дереккөз

Тарихшы Көкбөрі Мүбарак Темучиннің өмірінен қызықты деректермен бөлісіпті. Caravan.kz медиа порталы тарихқа шолу жасайды.

Жошының шығу тегін басқа тайпадан іздеп жататындар қателеседі. Әйелдің беташары басқадан болса ол жарына осындай ұшы-қиыры жоқ адалдық таныта алмас еді. Олар жабайылар болмаған. Меркіттер Бөртені тартып әкеткенімен тиіспестен Тұғырыл ханның қолына апарып берген. Өйткені, Тұғырыл хан ол кезде бәрінің үстінен қарайтын. Демежан(Демесін, Темучин) қалыңдығын сұрап барып, ханға сый жасап Бөртені алып қайтады. Маркополо естеліктеріне қарасаңыз отбасылық құрмет сол кездегі Моңғол үстіртіндегі тайпалар арасында шыңына шыққан. 

Әйелдер сабалмаған, отбасы жұмысына әйел жауапты болған, тұтқындағы әйел затына зорлық жасалмаған, оны алғысы келсе өзінен рұқсат сұраған. Міне, осындай адамгершілік шыңындағы адамдарға Құдай Тағала жарты әлемнің тізгінін ұстатып қойды. Олар ислам дінінде болмағанымен, Құдай алдындағы дәрежесі тақуа адамдармен тең болды. Адамзатқа пайдалы әділетшілдік, ар-намыс, ұят, қамқорлық олардың өмірінде өте абыройлы ұстанымдарға айналды. Қалмаққа қатысты оқиғаларда да олар тұтқындағы Қазақ қыздарына зорекерлік етпей рұқсат сұрайды, қыз ойлануға белгілі күндерді сұрап, сол уақытқа дейін амалын тауып қашып кетіп жатады. Мұндай оқиғалардың нұсқасы көп. 

Шыңғыс ханның ең аяулы жары — Меркіт Тұрсын бидің қызы еді. 

Меркіт қыздары Моңғол үстіртінде сұлуларды ең көп шығарған, адамдарының бет сүйегі сүйкімді ру болған деседі. Қазіргі Керей ішіндегі Меркіт қыздары тура Әлімнің қыздары сияқты тез қозғалатын, бойшаң емес, барынша аққұба, бет сүйегі сүйкімді, қағілез, ұзын кірпіксіз, шұңғыл көзсіз, ажарлы болып келеді. Көшпенділердің мәдениетінің ең үлкен базары болған елдердің тікелей мұрагері болған бізде Құлан деген әжелердің есімі кездеспейді. Керісінше, әнге айналып танымал болған Қорлан сұлу бар. Оны Естай сүйеді. Құдай осы Қорлан есімін Естайды себеп қылып бекер жарқыратып қойған жоқ. Бір үлкен нәрсенің мәнісін ұқсын деді. Қобылай хан құрған Юань династиясының тарихын арқау еткен «元史(Юаннама)» томдарындағы Шыңғыс ханның дәрежесі Бөртеден кейін тұратын ханымы, жорықта үнемі жанынан тастамайтын ең жақынсүйіктісінің 忽鲁伦 皇后 деген есіміне назар аударыңыз. Алғашқы үш әріп кісі есімі. Соңғы екі әріп «патшайым» деген сөз. Кісі есімі болып тұрған бұл үш сөз 忽鲁伦(Хулулүн) деп оқылады. Қытайдың көп жағдайда р-ға тілі келмей л дыбысымен алатыны бар. Керей руының атын жазғанда Кілие(克烈) дей салады. Қарлық тайпасының атын жазғанда Гелуолу(葛逻禄) дей салады. Р деген жұтылып тұр. 

Сол секілді бұл жердегі Хулулүн сөзін Хурулүн деп табиғи нұсқасына қайтара оқуға болады. Ортада қыстырылып тұрған р дыбысын л деп дыбыстау арқылы Хулулүн деген сөз содан келіп шығып тұр. Түпкі заңдылықтарды ескермей, осы сөзді тіке оқитын болсаңыз Құлан емес, Қолылан деген пайымсыз сөз шығар еді. Сондықтан, Қытай тілінің дыбыстау ерекшеліктерін есепке алып барып, тарихи есімдерді шынайы айналысқа салайық. Бабалардан ұят болып жүрмесін. 忽兰 皇后(Хулан патшайым) деген екінші бір нұсқа бар. Осы екі атау да Шыңғыс хан ханымдарының ішінде тұр. Шыңғыс ханның ең сүйікті әйелі, мәртебесі Бөртеден кейін тұратын Меркіт қызының есімі екі жерде жазылады. Бірінші жерде, Бөртеден кейінгі орынға жайғасқан 忽鲁伦(Хулулүн) есімімен, одан кейін соңын ала 忽兰(Хулан) болып. 

Бір қызығы, Шыңғыс ханның ордасы Семейдің оңтүстік-батысындағы Абыралыда орналасқан болса, Естай сүйген Қорлан сұлудың мәңгілік ұйқыдағы мекені осы жерден тікелей солтүстікте қарайғы жердегі Құлынды жазығы еді. Екі жер — Ертістің екі жағында. Шыңғыс хан сүйген Хулулүн(Хулан) сол Құлындының өзінде жатқан болуы да мүмкін. 

Қорланның Құлынды атауы бар жерге жайғасқаны кездейсоқтық емес. Сондықтан, ұлы ханымның есімін Қорлан деуіңізге, Құлын деуіңізге болады екен. Бірақ, Құлан деп емес. 

Бабалардың есімін бізге жат қылып аударуға болмайды. Біздің тарихымызда болған танымал адамдардың бәрінің бір-бір есімі ішіміздегі адамдарда сақталған. Соны естен шығармайық. Оқушылардың мектепте Қазақстан тарихына қызықпауының себебі де, өз бабаларымыздың есімдерін орыстың дыбыстауымен тікелей бергенімізде. Оқушылар жат елдің, Африканың тарихын оқып отырғандай болады.

Соңғы жаңалықтар