Жарияланды: 30

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ойсырата жеңді

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ойсырата жеңді

Қазақстан футбол құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны ойсырата жеңді. Бұл кездесу 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төртінші айналымдағы I топтың ойыны 11 маусымда Нұр-Сұлтанда орналасқан "Астана Аренада"өтті. Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы басымдыққа ие болды. Бірақ Сан-Мариноның қақпашысы Элиа Бенедеттини жақсы ойын көрсетті. Ол өз командасында кәсіпқой деген лауазымға ие жалғыз спортшы. Алаң иелері бірінші кезеңнің соңына дейін алғашқы есепті ашты. Қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаевтың сәтті доп шығаруымен Исламбек Қуат гол соқты.

Ойынның бір сағаты тәмам болғаннан кейін жеңіс кімнің жағында екені белгілі болды.

58-ші минутта Қазақстан құрамасында 23 жастағы жартылай қорғаушы Максим Федин алаңдағы ойыншыны алмастырып, содан кейін 62-ші минутта екінші голды соқты. Федин үшін құрама сапындағы ойында бұл бірінші гол. Ал 65-ші минутта Сүйімбаев сәтті берілген пасты мүлт жіберген жоқ. Сан-Мариноның қақпасына төртінші голды құрама капитаны Бауыржан Исламхан соқты. Ол 79-шы минутта айып алаңынан соққы жасап, есепті ұлғайтты.

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы 117-орында. Ал Сан-Марино соңғы 221-орында тұрақтаған. Сондай-ақ, бұл команда ең әлсіз құрамалардың бірі болып саналады. Төртінші айналымдағы I топтың қалған ойындары маусымның 12-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.45-те болды. 

Сондай-ақ,  Бельгия-Шотландия, Ресей-Кипр арасында ойындар өтуі тиіс. Қазіргі уақытта топта тоғыз ұпаймен Бельгия құрамасы алға шығып тұр. Кейін алты ұпаймен Ресей құрамасы тұр. Қазақстан құрамасы үшінші орында тұрақтады. Төртінші орында Кипр, бесінші орында Шотландия командалары тұр. Ал топтағы алтыншы орында Сан-Марино командасы орналасты. 

Бесінші айналым 9 қыркүйекте болады. Ол күні Ресей - Қазақстан, Сан-Марино - Кпир және Шотландия - Бельгия арасында кездесулер өтеді.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін