"Астана" қарымта кездесуде "Селтикті" 4:3 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана" қарымта кездесуде "Селтикті" 4:3 есебімен жеңді

"Астана" қарымта кездесуде "Селтикті" 4:3 есебімен жеңді

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді - деп хабарлайды

  • 23 Тамыз 2017
  • 432
Фото - Caravan.kz

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын 22 тамызда "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен аяқталды.

Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 26-шы минутта "Селтик" қорғаушысы Кристофер Айер Дмитрий Шомконың соққысын қайтарамын деп, допты өз қақпасына соғып алды.

Өкінішке қарай, 34-ші минутта қонақтар командасының жартылай қорғаушысы Скотт Синклер есепті теңестіріп кетті.

Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды.

48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды.

49-шы минутта ганалық шабуылшы Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті. Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады.





"Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті.

Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті — Ли Гриффитс елордалық команда қақпасынан саңылау тапты.

Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді.

Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар