«Астана»-АПОЭЛ матчына атышулы төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана»-АПОЭЛ матчына атышулы төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді

«Астана»-АПОЭЛ матчына атышулы төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді

Чемпиондар лигасының плей-офф шеңберінде ойналатын «Астана»-АПОЭЛ командаларының матчына венгриялық төреші Виктор Кашшаи төрелік етеді.

  • 17 Тамыз 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 39 жастағы Виктор Кашшаи 1999 жылдан бері судьялықты атқарып келеді. Ал ФИФА-да жұмысын  2003 жылы бастады. Ол 2008 және 2012 Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы әлем чемпионатында өз қызметін атқарды. Ал оның мансабындағы ең есте қаларлық ойын – бұл Украина-Англия кездесуі. Еуро-2012 аясында өткен сол ойында венгрлік рефери украиналық Марко Девичтің голын есепке алмай қалып, артынша футбол қауымдастығының қысым көрсетуімен  УЕФА-дан қуылды. Жалпы Кашшаи төрешіліктен өзге туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейді. Ол ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Оның матч кезінде жүгірген орташа қашықтығы 12 шақырымға дейін жетеді.  «Астана»-АПОЭЛ матчы 18 тамыз күні «Астана Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады. Ақпарат 
http://www.24.kz/ сайтынан алынды.

Соңғы жаңалықтар