«Азия ойындары – 2026»: Төрехан Сабырхан ширек финалға өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.65
  • 508.71
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азия ойындары – 2026»: Төрехан Сабырхан ширек финалға өтті

«Азия ойындары – 2026»: Төрехан Сабырхан ширек финалға өтті

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

  • 24 Қыркүйек
  • 151
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Катар өкілі Мұхаммед Дбичиден 5:0 есебімен басым түсті. Жекпе-жектің үш раунды да отандасымыздың басымдығымен өтті. Екінші раундта Төрехан қарсыласын нокдаунға түсірді.

Нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен Төрехан Сабырхан жеңіске жетіп, Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды. Оның ендігі қарсыласы Үндістан-Ирак жекпе-жегінде анықталады.

Бұған дейін қазақстандық боксшылардан алғашқы болып Сабыржан Аққалықов өнер көрсетіп, 80 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда кореялық Ким Минсонға есе жіберген еді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы да жарыс жолын бастайды. 51 келіде ел намысын қорғайтын Алуа Балқыбекова екінші сессиядағы төртінші жұпта өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — Үндістан боксшысы Сакши Чаудхари. Екінші сессия 13:00-де басталады. Жекпе-жек Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.