Жарияланды: 940

БАҚ Қанат Исламды Келл Брукке лайықты қарсылас көрмеді

БАҚ Қанат Исламды Келл Брукке лайықты қарсылас көрмеді

Отандасымыз BoxRec.com рейтингінде 11-орында тұрғанына қарамастан Брукпен жұдырықтасуға лайықты боксшылардың қатарына кірмей қалған

Америкалық Boxingnews24.com сайты бірінші орта салмақ дәрежесінде британдық Келл Брукке лайықты қарсыластардың бестігін жариялады, деп хабарлайды Sputnik.kz  ақпарат агенттігі Sports.kz.-ке сілтеме жасап. 

Оған америкалықтар Тайрон Брансон (BoxRec.com рейтингінде 41-ші тұр), Корнелиус Бандрейдж (№8), британдық Сэм Эггингтон (№9),  Мексика өкілі Антонио Маргарито (№20) және Бруктің тағы бір отандасы Лиам Смит (№7) енген. 

Қанат Ислам өз салмағында рейтингте 11-орында, ал WBA тұжырымы бойынша дәрежелер туралы кестеде бірінші орында тұрғанына қарамастан, оның есімі бұл тізімде аталмаған. Бұған дейін  Ислам командасы мұндай жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген еді.    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін