Биатлоннан тұңғыш олимпиада чемпионы болған қазақтың қызы тегін ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биатлоннан тұңғыш олимпиада чемпионы болған қазақтың қызы тегін ауыстырды

Биатлоннан тұңғыш олимпиада чемпионы болған қазақтың қызы тегін ауыстырды

Қазақстанда өмірге келіп, кейін белоруссиялық биатлоншы атанған Динара Әлімбекова енді жарыста күйеуі, Беларусь ерлер құрамасының капитаны Антон Смольскийдің атымен өнер көрсетеді.

  • 19 Қаңтар 2023
  • 575
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы экс-Әлімбекова Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бейсенбіде, 19 қаңтарда, Раубичтерде ол Достастық Кубогының 4-ші кезеңінің спринт жарысын бастайды. "Жанкүйерлер мені таниды деп үміттенемін", — деді Динара.

2022 жылдың қазан айында Динара Әлімбекова Антон Смольскийге тұрмысқа шықты. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында Динара Дарья Домрачева, Ирина Кривко және Надежда Скардиномен бірге эстафеталық жарыста Олимпиада чемпионы атанды. Антон Смольский 2022 жылы Бейжіңде өткен ойындарда 20 км-ге жеке жарыста күміс олимпиада медалін жеңіп алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера