Бокстан Азия чемпионаты: 2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды
![]() |
Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады |
Иордания астанасы – Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. .
Айта кетсек, құрлықтық дода 1 қарашада жалауын көтерді. Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан ешкім шаршы алаңға шыққан жоқ.
2 қарашада төрт боксшымыз бақ сынайды.
Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов үндістандық Спарш Кумармен қолғап түйістірсе, 57 келіде Серік Теміржанов түрікменстандық Ихлаз Гылычжановпен кездеседі.
Бұл күнгі тағы бір жекпе-жек 63,5 келіде Санатәли Төлтаев пен өзбекстандық Руслан Абдуллаев арасында өтеді.
Ал қыздар арасында 50 келіде Назым Қызайбай таиландтық Раксат Чутхаматпен айқасады.
Жалпы құрлықтық додада ерлер – 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Қазақстанның ерлер құрамасы сапында кімдер ойын көрсететінін бұған дейін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ел намысын қорғайтын ҚР әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін