Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

Бокстан Қазақстан қыздар командасы лицензиялық турнирге аттанды

Бокстан Италияда 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирге Шәміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшыларымыз және өзге жаттықтырушылар алқасы Астанадан аттанып кетті.

  • 22 Ақпан
  • 909
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Париж Олимпиадасының жолдамасына қазақстан қыздарынан 50 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Жайна Шекербекова, 60 келіде Римма Волосенко, 66 келіде Наталья Богданова және 75 келі салмақта Валентина Хальзова ел намысын қорғайды.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.