Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке қараша соңында шығуы мүмкін, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 29 жастағы боксшы биыл жекпе-жек өткізбеген еді. Ал алдағы кездесу оның карьерасындағы алғашқы титулды айқас болмақ.
"Данияр қарашада жұдырықтасады. Соңына таман", — дейді Елеусіновтің менеджері Зия Алиев.
Мұның алдында үш тұжырымда әлем чемпионы болған "Көк машина" лақап атты африкалық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) титулды жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп айтылған еді.