"Бас мүфтиді соттатпақшы": Экс-имам неге бұлай жасады? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бас мүфтиді соттатпақшы": Экс-имам неге бұлай жасады?

"Бас мүфтиді соттатпақшы": Экс-имам неге бұлай жасады?

Бұрынғы имамы Тұрарбек Құсайынов Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың үстінен Әділет министріне арыз жазған-мыс.

  • 3 Мамыр
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үнемі шариғатты, ҚМДБ-ны, бас мүфтиді сынап отыратын Ораз Әлімбеков бұл жолы мынадай ақпарат таратты.

«Балық басынан шіриді» ме?

Экс-имам Бас мүфтиді соттатпақшы..

Атырау мешітінің бұрынғы имамы Тұрарбек Құсайынов Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың үстінен Әділет министріне арыз жазыпты. Айтуынша, Наурызбай Өтпенов ҚМДБ Жарғысына сай бас мүфти емес, себебі, ол Жарғыда жазылғандай араб тілін жетік меңгермеген. Экс-имамның бұл сөзі рас енді – Наурызбай Өтпеновтың халықаралық конференцияда 2-3 минут арабша сұхбат берем деп араб тілді журналистердің алдында масқарасы шыққан. Наурызбай Өтпенов араб тілін білмеген соң, Құранды да қате оқиды. Араб тілінде бір әріпті дұрыстап дыбыстамасаң, ол сөз басқа мағына береді.

Наурызбай Өтпенов та мыңдаған басқа молдалар сияқты Құранның әрбір сөзін түсініп оқымай, зуылдатып жаттап өскен ғой. Онда да қате-мате жаттай салған-ау, сірә. Оның үстіне, Наурызбай Өтпенов араб елдерінде оқымаған, Орталық Азияда алған білімі күмәнді. Өзі сондай болған соң бірнеше ірі қаланың бас имамы лауазымына білімі күмәнді молдаларды тағайындады.

Жалпы алғанда, Наурызбай Өтпенов Бас имам болғалы қазақ қоғамында кикілжің көбейіп кетті: «Домбыра — харам», «шеше деп балаларын тастап кеткен көкек әйелді айтады», т.б.с.с. сөз қопсытқандар да ҚМДБ жүйесінде қызметте жүрген молдалар. Наурызбай Өтпеновтың өзі де «оқушы қыздардың хиджабы» мәселесінде екіұшты пікір айтып, қазақ қоғамын әрі-сәрі күйге салып қойды. Мұның бәрі «балық басынан шіриді» деген тәмсілді еске салады да тұрады. Осы тұрғыдан алғанда экс-имам Тұрарбек Құсайыновтың ҚМДБ қоғамдық ұйымын ресми тіркеуге алған ҚР Әділет министрлігінен Бас мүфти діни лауазымын ҚМДБ Жарғысына сәйкестендіруді талап еткені дұрыс. Оның талабы бойынша, Әділет министрлігі «Н.Өтпенов ҚМДБ Жарғысын бұзып отыр» деген уәжбен сотқа бере алады. Әйтпесе, Жарғысын аяқасты етіп жүрген қоғамдық ұйым қаптап кетті. Әділет министрлігі солардың бәрін Жарғысына сәйкестендіруі тиіс.

«Ислам – тазалықтың діні» дейді ғой. Олай болса, «Авгийдің атқорасын» тазалауды Бас мүфтиден бастаған дұрыс-ау… Сіз, қалай ойласыз, оқырман?», деп жазды.

«ҚМДБ ны түгел жапса да жәйім баяғыдай», «Араб елдерінде оқығаннан Орта Азияда оқыған жақсы», «Араб тілін меңгеру қазақтарға керек пе ? Осындай да шағымлану болады мм екен?!», деп оқырман пікірі түрлі тарапқа бөлінді.