Жарияланды: 70

Енді кениялық желаяқтар Қазақстан құрамасы атынан сынға түседі

Енді кениялық желаяқтар Қазақстан құрамасы атынан сынға түседі

Бес спортшы ел азаматтығын алды.

Бір топ кениялық жеңіл атлет Қазақстан құрамасы сапында жарысқа қатысатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл ақпаратты команданың бас бапкері Григорий Егоров растады. Оның айтуынша, қазіргі кезде спортшыларды халықаралық жарыстарға қатыстыруға рұқсат алу мәселесі шешіліп жатыр.

Құрама сапына екі ер және үш әйел алынды. Шедраке Коэче (1999 жылы туған) және Кенете Ротиче (1990). Ал әйелдередн - Норе Джируте (1995), Каролине Кипкируи (1994) және Дэйзи Джепкемей (1996).

Қазақстан чемпионатында қазіргі таңда спортшылар тіркеуге тұрған Шығыс Қазақсатан облысы үшін жарыстарға қатысып жатыр. 3 мың метр қашықтықта Коэс бірінші болды, ал қыздардың үшеуі де осы қашықтықтағы алғашқы үш орынды иеленді. Оның үстіне Кипкируидің уақыты 9:04.32 болған. Бұл әлемдегі екінші көрсеткіш.

Бастапқыда жеңіл атлеттер Altay Athletics клубына келген. 2017 жылы Каролин Кипкируи 5 мың метр қашықтықта бірінші болды, ал Нора Джеруто "Гауһар лига" жарысында 3 шақырым қашықтықта үшінші орын иеленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть