Гүлзира Айдарбекова халыққа: "Бекерге күлкі етіп, сандырақтамаңдар" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлзира Айдарбекова халыққа: "Бекерге күлкі етіп, сандырақтамаңдар"

Гүлзира Айдарбекова халыққа: "Бекерге күлкі етіп, сандырақтамаңдар"

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Өзбекстан еліндегі концертін өткізіп келді.

  • 10 Мамыр
  • 213
Фото - Caravan.kz

Көпшілік арасында әдеттегідей өнер иелерін сынға алғандар да табылды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Айдарбекова бұл жолы ұлын Димашпен салыстырып, Қайрат Нұртастың әнді фонаграммамен айтады деп сынағандарды айыптады. Ол оқырмандарының бірінің: «Фанерасын өшіріп тастасаңдар, бір қызық легенда болар еді» деген жазбасына былай деп жауап берді.

«Музыкалық білімің болмаса, бекерге өзіңді күлкі етіп, сандырақтап отырсың» деп жекіп сөйледі ол.

Айдарбекованың бұл сөзіне көпшілік наразы болған. Олар: «Неге олай жауап бересіз?», «Қатты кеткен жоқсыз ба?», «Пікір жазғанда ылғи осылай жекіп сөйлейді екенсіз», «Қызық, сізді мінезі жұмсақ адам деп ойласам» деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар