IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 8 медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 8 медаль жеңіп алды

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 8 медаль жеңіп алды

 

  • 3 Қазан 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 8 медаль жеңіп алды — 3 алтын, 3 күміс және 2 қола, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жарыс алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысты. Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, садақ ату) өнер көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында спортшыларымыздың жетістіктерін атап өтіп, оларды құттықтады.

Сонымен, Қазақ күресі бойынша біздің құрама қоржынында 6 медаль бар: Марат Нығматуллаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтынды Зарина Сарипова жеңіп алды. Еламан Қойшыбаев (80кг) пен
Рауза Нұрмұхамметова (55 кг) күміс, ал «Қазақстан Барысы» Мақсат Исағабылов (+80 кг) пен Мөлдір Азамат (+65 кг) қола жүлдегер атанды.

Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда өнер көрсетті, онда 32 елден 95 спортшы бақ сынады. Ол өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір күмісті жамбы атудан отандасымыз Ералхан Айкөз жеңіп алды.


Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға жету жолында қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Министр Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында көкпар тұңғыш рет көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгенін және бұл жеңіс бірегей тарихи оқиға екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар