Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік етеді

Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік етеді

30 маусым және 6 шілде аралығында Чунцин қаласында (Қытай) үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған турнирде қазақстандық төреші төрелік етеді. 

  • 3 Сәуiр
  • 45
спорт Фото: Оlympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Азия үстел теннисі Одағының төрешілері және төрешілер комитеті халықаралық санаттағы судья Тимур Ходжаевтың (Қарағанды) кандидатурасын бекіткен және ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына төрелік етеді. 

Тимур Ходжаев «TTF Grand Finals Astana 2017» ширек финалының, «ITTF Kazakhstan International Open Karaganda 2021», «WTT Contender Almaty 2022», «WТТ Youth Contender Linz 2023» финалдық ойындарының жетекші төрешісі, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің директоры.

Қазіргі уақытта Тимур Ходжаев «Blue Badgein Progress» аралық төрешілер санатына ие. 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр