Қазақстанда футболшылардың орташа жалақысы - 148 мың доллар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда футболшылардың орташа жалақысы - 148 мың доллар

Қазақстанда футболшылардың орташа жалақысы - 148 мың доллар

Sporting Intelligence сайты әлем елдеріндегі футболшылардың 2018 жылғы орташа жалақысы туралы мәлімет таратты деп хабарлады Қазақстандағы ақпарат құралдары.

  • 28 Қараша 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Ең көп жалақыны ағылшын премьер-лигасының ойыншылары алады. АПЛ-дің негізгі құрамдағы футболшылары жылына орташа есеппен 3,93 миллион доллар жалақы алады.

Үштікке Испанияның Ла Лигасы (2,89 миллион доллар) және Италияның А Сериясы (1,99 миллион) еніп отыр. Қазақстан премьер-лигасы бұл тізімде 25-орынға жайғасты. ҚПЛ футболшылары жылына орташа есеппен 148 мың доллар (55 миллион теңге) алады.

Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Австралия, Польша және Хорватиядан жоғары тұр. Өзбекстан бұл рейтингке енбеген.

Жалақысы жоғары лигалар ондығы мынадай:


АПЛ (Англия) – 3,93 миллион доллар;

Ла Лига (Испания) – 2,89;

Серия А (Италия) – 1,99;

Бундеслига (Германия) – 1,83;

Лига 1 (Франция) – 1,3;

Суперлига (Қытай) – 1,05;

РПЛ (Ресей) – 877 мың доллар;

Суперлига (Түркия) – 864 мың;

Серия А (Бразилия) – 670 мың;

МЛС (Канада, 3 клуб) – 519 мың.

Соңғы жаңалықтар