Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Елдос Сметов пен Финляндия өкілі Юхо Рейнвал бәсекелесті. Алғашқы минуттан-ақ екі палуан шабуылдан бастады, алайда соңғы минутта қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Әлем чемпионатындағы бірінші кездесуін қазақстандық Рустам Ибраев та сәтті өткізді. Ол қарсыласы болгариялық Янислав Герчевтен басым түсті.
Бүгін елордалық «Алау» мұз сарайында дзюдо бойынша чемпионат басталды. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша ерлер және әйелдер арасында өтеді.