Қазақтың екі боксшысы Ресейде WBO және WBA белбеулері үшін жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың екі боксшысы Ресейде WBO және WBA белбеулері үшін жұдырықтасады

Қазақтың екі боксшысы Ресейде WBO және WBA белбеулері үшін жұдырықтасады

Бұл кеште қазақстандық төрт боксшы жекпе-жек өткізеді.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz


23 желтоқсан Мәскеуде қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бокс кешіне қатысатын боксшылар тізімі әлі толық емес, алайда, қазақстандық екі боксшының жекпе-жегі чемпиондық белбеу үшін болады. Супер орта салмақта жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы (9-0, 7 КО) WBO Global белбеуі үшін 25 жастағы белгиялық Илиас Ачергуимен (12-3-1, 6 КО) кездеседі.

Екінші чемпиондық жекпе-жекте 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев (5-0, 4 КО) WBC Asia белбеуі үшін 34 жастағы филиппин Арнел Тинампаймен (25-22-1, 11 КО) жұдырықтасады.

Екі боксшы да ұйымның аймақтық рейтингінің ТОП-15 тізіміне кіреді. Жаңабаев төртінші, ал қарсыласы он бірінші орында. Белбеудің үш нұсқасы барын айта кетейік — "қарапайым", "күміс" және аймақтық чемпион. Алғашқы екеуі бос тұр, ал соңғысы Костя Дзюдің ұлы — Аустралия атынан жұдырықтасатын Тим Дзюда (11-0, 9 КО).

Мәскеуде жұдырықтасатын үшінші қазақстандық боксшы Али Балоев (7-0, 6 КО). 25 жастағы жерлесіміздің қарсыласы эквадорлық Жан Карлос Мина (6-1, 2 КО).

Бұл кеште кездесу өткізетін тағы бір Қазақстан боксшысы Константин Брусенский кәсіпқой рингке алғаш шығады. Оның қарсыласы кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар