ҚР Бокс федерациясы Назым Қызайбайдың жеке бапкерін жазаға тартуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бокс федерациясы Назым Қызайбайдың жеке бапкерін жазаға тартуы мүмкін

ҚР Бокс федерациясы Назым Қызайбайдың жеке бапкерін жазаға тартуы мүмкін

 

  • 8 Маусым 2016
  • 486
Фото - Caravan.kz

Әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың жеке бапкеріне тәртіптік жаза белгіленуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының ұлттық командалар жөніндегі үйлестірушісі, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

Осыған дейін БАҚ-та Назым Қызайбайдың жеке бапкері Жұмабек Өмірзақов Астанада өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында «сұмдық оқиғалар» болғандығын атап өткен. Оның пікірінше, қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетіліпті. Сонымен қатар, бапкер Қазақстан бұдан кейін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 4 алтын медалді қанжығалай алмайды деген пікір білдірген.

«Федерация құрамына кіретін жеке бапкердің себепсіз сөйлеуге құқы жоқ. Біз осы жағдай бойынша арнайы бюро өткіземіз. Онда Назым Қызайбайдың жеке бапкеріне қатысты тәртіптік жаза белгілейміз», — деді Б. Әбдірахманов.


«Менің ойымша, оның пікірі дұрыс емес. Адам орынсыз сөйлемеуі қажет. Егер оны өз көзімен көрсе, айтуға негіз болса, онда құқы бар. Біз бокстан Астанада өткен әлем чемпионатында мықты жекпе-жектерді көрдік. Онда қыздарымыз жеңіске жетті. Осылайша олар әділетті түрде бірінші орынды жеңіп алды. Мен білмеймін, мүмкін сол күні жеке бапкердің көңіл-күйі болмаған шығар», — деп түйіндеді сөзін мемлекеттік жаттықтырушы.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар