Жарияланды: 310

Ұлдана Ерқасым: Шашымды Маржан Сұлтанбайға еліктеп тақырлатып тастадым

Ұлдана Ерқасым: Шашымды Маржан Сұлтанбайға еліктеп тақырлатып тастадым

Еуразия бірінші арнасынан қыркүйек айынан бастап "Qalayym live" жобасы эфирге жол тартты. Бағдарлама басталғаннан бастап көпшіліктің талқысына түсіп, рейтингісі ең жоғары бағдарламалардың біріне айналды.

Осы жобада тікелей эфирде шашын тақырлатып алып, көпшілік қауымды таң қалдырған бағдарлама қатысушысы Ұлдана Ерқасым Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

- Ұлдана, шашыңды тақырлатып алып тастағаннан кейін сын пікірлер көп жазылды. Шашыңды алып тастағаныңа өкінбейсің бе?

- Жоқ, өкінбеймін. Негізі шашымды тақырлатып алып тастасам, қалай болады екен деген ой болған жоқ. Бірақ қазір қарасам өзіме жарасып тұрған сияқты. Басында пікір жазған кезде, қарайтынмын. Ал қазір қараймын да қоямын. Біреудің пікірі маған аса маңызды емес. Менің өзімнің білетінім, өзімнің көзқарасым, өзімнің ойым бар.

- Сен киелі жерден қызысың, яғни 362 әулиелі Маңғыстаудың, Адайдың қызысың. Әлеуметтік желіде  “Маңғыстаулықтарды масқара қылды, Адайлардың атынан кір келтірді”, - деген пікірлер жетіп артылады. Қалай ойлайсың, жерлестерімді ұятқа қалдырдым деген ой жоқ па өзіңде?

- Жоқ, мен бір жерімді ашып жатсам екен Байзақова секілді ол кезде солай айтса, қабылдауға болады. Бірақ мен бір жерімді ашып, жерлестерімді масқара қылып жатқан жоқпын. Бар жоғы шашымды тақырлатып алып тастадым, шашымды алғаныма өкінбеймін. Қараңызшы, жаңа шаш өзіме жарасып тұр ғой.

- Шашыңды тақырлап алып тастауыңды көпшілігі Маржан Сұлтанбайға еліктеп алды деп жатыр. Солай ма? Әлде ол пікірмен келіспейсің бе?

- Ол да Батыстың, Ақтаудың қызы ғой мен сияқты. Біз Батыстың қыздары өзі сондай батыл, сөзімізде тұратын қыздармыз. Иә, мен де естіп жатырмын Маржан Сұлтанбай еліктеп деп жатыр. Мүмкін, иә солай деуге де болатын шығар Маржан Сұлтанбайға еліктеп жасадым.

- Ұлдана, соңғы эфирлердің бірінде 1 айдың ішінде арықтаймын деп уәде бердің. 1 айдың ішінде 20 кг-ға арықтау мүмкін бе?

- Мен өзі аузымнан авария боламын да жүремін ғой. Солай айтып қойдым, ол айтқаным дұрыс та болды. Өйткені, ол маған мотивация болды, мен уәде бердім, уәдемде тұруым керек. Қазіргі таңда фитнеске барып жүрмін, одан кейін тамақ мүлдем ішпеймін. Қазір жеп жүргендерім йогурт, кефир анау мынау. 6-дан кейін мүлдем ештеңе ішпеймін, қазір арықтатын кофе бар соны да ішіп жүрмін. Аз уақыттың ішінде 5 кг салмақ тастадым, ал енді 15 кг салмақ тастауым керек. Қазір салмағым 70 кг болып тұр, енді 15 кг-ға арықтайтын болсам 55 кг боламын.

- Әлеуметтік желіде саған ауыр пікірлер жазатындар көп. Оны қалай қабылдайсың? Пікірлерді оқисың ба?

- Пікірлерді оқимын, оны қабылдаймын деп айта алмаймын. Менің өз ойым, өз пікірім бар. Бірақ анам барлығын оқиды, сол үшін уайымдайды. Анама “Мен Байзақова секілді шешініп жатқан жоқпын. Оның анасы қалай жүрді мысалы. Мен ол сияқты ашық-шашық киініп жатқан ештеңем жоқ қой”, - деп айтып қоямын. Пікірлер жаза берсін, әр нәрсе өз уақытымен деп ойлаймын.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін