1 маусымда ҚР халқының саны 16,5 млн адам болды
2011 жылдың басынан бері Қазақстан халқының саны 0,6%-ға артып, 1 маусымда 16,5 млн адамды құрады, деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі. |
«2011 жылдың 1 маусымында ел халқының саны 16,5 млн адамды құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бері халық саны 0,6%-ға көбейген», - делінген статагенттіктің ай сайынғы есебінде.
Статмәліметтерге сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-мамырында 152,7 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 1,6%-ға көп. 1 маусымдағы жағдай бойынша, 1 мың тұрғынға шаққанда бала туудың жалпы коэффициенті 22,4 құрады.
Үстіміздегі жылдың 5 айында қаза болғандардың саны - 63,5 мың адам (+3,5%). Өлім-жітім коэффициенті сәйкесінше 9 болды.
«Өлім-жітімге себеп болған жағдайлардың ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары басым (43%)», - деп хабарлайды статагенттік.
2011 жылдың 5 айында халықтың миграциялық өсімі 5,2 мың адамды құрады (2010 жылдың 5 айында – 6,1 мың). Елдің басты миграциялық айырбасы ТМД елдерімен арада жүзеге асады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін