1 маусымнан бастап балалар пойызы жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымнан бастап балалар пойызы жүреді

1 маусымнан бастап балалар пойызы жүреді

1 маусым күні Қарағандыдағы орталық саябақта балалар темір жолы іске қосылады. Бұл туралы ekaraganda.kz порталы хабарлады.

  • 30 Мамыр 2016
  • 242
Фото - Caravan.kz


Балалар темір жолы өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Ал 2013 жылы облыс орталығындағы Кривогуз және Ғазалиев көшелерін жалғайтын жол салынуына байланысты бұл нысанның жұмысы уақытша тоқтатылған.

«Балалар темір жолына біз жыл сайын миллиондап қаражат саламыз. Жалпы, бұл жерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жыл сайын 6 млн теңге бөлу жеткіліксіз, 80-90 миллион теңге керек», – дейді Қарағанды саябақтар және гүлзарлар басқармасының директоры В. Браунагель.