Жарияланды: 90

1 миллион теңгеге қыз сатылады: Алматыдағы хабарландыру жұрттың зәресін ұшырды

1 миллион теңгеге қыз сатылады: Алматыдағы хабарландыру жұрттың зәресін ұшырды

Алматы тәртіп сақшылары қыз баланың бір миллионға сатылатыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Facebook қолданушысы Елена Баринова жазғандай, хабарландырулар сайтынан ит іздеп отырғанда, адамның сатылатыны туралы жарияланымға кез болған, хабарландыруда қыз баланың бір миллион теңгеге сатылатыны туралы айтылыпты.

Бұдан бөлек, автор қызды сипаттағанда "сымбатты", "еліктіргіш" деп жазып қойған.

Полиция мәліметінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Алматы ІІД авторды іздеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

Көшеде қамшы алып, жөзекшелерді сабағанша, сол қыздарға барып жүрген еркектерді сабау керек

Арсен Алагөзов: Сенің бізбен араласқың келетінін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ғана біліп жүрміз

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін