1 қаңтарда ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қаңтарда ауа райы қандай болады

1 қаңтарда ауа райы қандай болады

Қазгидромет 1 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазгидрометтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 1 Қаңтар 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан басым аумақта қар жауады, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады.