Жарияланды: 420

1 қазандағы жағдай бойынша Батыс Қазақстанда ірі қараның саны 414,7 мың басты құрады

Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 53,0 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарланғанындай, соның ішінде 18,1 млрд. теңгенің өсімдік, 34,6 млрд. теңгенің мал шаруашылығы өнімдері шығарылды. Жыл басынан бері өңірде 50,2 мың тонна ет (өткен жылғымен салыстырғанда - 97 пайыз), 190,2 мың тонна сүт (97,9 пайыз), 107,1 млн. дана жұмыртқа (101,1 пайыз) өндірілді. Биылғы 1 қазанға 414,7 мың бас ірі қара (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда - 98,2 пайыз), 806,7 мың қой (103,8 пайыз), 198,1 мың ешкі (96,6 пайыз), 88,9 мың жылқы (109 пайыз), 3,3 мың түйе (95,7 пайыз), 23,8 мың шошқа (90,4 пайыз), 996,1 мың құс (100,4 пайыз) санаққа ілікті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін