10 тоннадан астам мия тамырын заңсыз жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 тоннадан астам мия тамырын заңсыз жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10 тоннадан астам мия тамырын заңсыз жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мия тамырын жинауды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

  • 1 Шiлде 2015
  • 581
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мойынқұм ауданында прокурорлар 10 тоннадан астам мияны заңсыз жинау және сақтау фактісін анықтаған. Шығын 6 млн теңгені құрады.

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бергендері үшін орманды қорғау бойынша Мойынқұм және Көктерек мекемелерінің басшылары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, бүгінде мия дайындау уақытша тоқтатылды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы оны мемлекеттік орман қорының аумағынан ғана жинауға рұқсат береді. Бағалы дәрілік өсімдіктер өсетін Жамбыл облысының өзге аумақтарында оны жинау бақылаусыз жүргізіліп, аймақтан 25 мың тоннадан астам мия шығарылып, Қытайда әлдеқайда қымбат бағаға сатылады. 
Еске сала кетейік, мия (цистанхе), халық арасында «шөл адамтамыры» («женьшень пустыни») немесе «алтын тамыр» («золотой корень») деп аталады, қытай медицинасында кең таралған, көптеген дерттерге шипа. Алайда бақылаусыз жиналып жатқан құнды дәрілік өсімдік сирек түрге айналуы мүмкін. 
Жамбыл облысының аумағында цистанхе Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандарында жақсы өседі. Аймақта мия тамырын өңдеу бойынша екі өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда.