10 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

10 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

10 желтоқсан СЕЙСЕНБІ

  • 10 Желтоқсан 2013
  • 796
Фото - Caravan.kz

Адам құқықтарының халықаралық күні. 1948 жылғы желтоқсанның 10-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Барлық елде 1950 жылдан бастап атап өтіледі.

Таиланд корольдігінің Ұлттық мейрамы — Конституция күні. Бүгінде Таиланд — конституциялық монархия. 1932 жылдан бастап, бүгінгі монарх — Ұлы мәртебелі король — Пумипон Адулядетқа (1946 жылдан бері басқарып отыр, 9-шы Рама) өз билігін Ұлттық Ассамблея, атқарушы билікті Министрлер Кабинеті, сот билігін — сот арқылы жүзеге асырады.

Дүниежүзілік футбол күні. БҰҰ-ның шешімімен атап өтіледі. Миллиондаған адамға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетуде. Футбол ойыны туралы алғашқы ескертпені тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы қытай деректерінен  тапқан. Ол Цу Чю деп аталған, «аяқпен итеру» деген мағынаны білдіреді. Футбол ойыны қытай жауынгерлеріне дене формасын қалыпты сақтауға септігін тигізген. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп 8-ші ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың жабайы ойынын таниды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда, Римде де ойнаған. Грекияда бұл ойын жауынгерлік қимылдардың барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып ойналып, «доп үшін шайқас» деп аталған.

Нобель сыйлығын тапсыру күні. Белгілі ғалым А.Нобельдің туған күніне байланысты, жыл сайын Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында және Швецияның Стокгольм қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. 1900 жылы құрылған Нобель қорының бастапқы капталы 31 миллион швед кронасы болды. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылғы желтоқсанның 10-ында табыс етілді. Физика, химия, физиология және медицина бойынша сыйлықтар Стокгольмде, ал бейбітшілік сыйлығы Осло қаласында беріледі. 2004 және 2005 жылдардағы ақшалай сыйлықтың көлемі 10 миллион швед кронасын құрады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

22 жыл бұрын (1991) Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев республика халқына Ант берді. Анттан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті деп есептелінді.

22 жыл бұрын (1991) Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады.

22 жыл бұрын (1991) Алматы қаласында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мамандыққа бағдарланған арнаулы мектеп-интернатта батырдың ескерткіш мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Қызыл лентаны қию рәсіміне Кеңес Одағының батырлары С.Нұрмағамбетов, Т.Бигелдинов, халыққа білім беру министрі Ш.Шаяхметов, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, батырдың ұрпақтары мен жерлестері қатысты.

22 жыл бұрын (1991) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың республиканың Алмас қорын құру туралы Жарлығы жарық көрді.

20 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының «Жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды.

16 жыл бұрын (1997) Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

8 жыл бұрын (2005) Астанада Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жұмағұл Сааданбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Көшбасшылық заңдары» атты шығармасының тұсаукесер рәсімі өтті. Дипломаттың бұл еңбегінде Елбасы саяси-әлеуметтік, әкімшілік реформалардың көшбасшысы ретінде қарастырылып, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы орасан еңбегі жайлы баяндалады. Жаңа туындының таныстырылымында Грузия мен Беларус Республикаларының елшілері, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары өз пікірлерін білдірді.

210 жыл бұрын (1803) Петербордың Бержа зауытында алғашқы кеме құрылысы аяқталды. «Елизавета» деп аталатын бұл ағаш кеменің ұзындығы 18 метр, 4 аттық күші және дөңгелек ескегі бар болатын.

14 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысындағы №2 Сарыағаш орта мектебіне қазақтың белгілі жазушысы Асқар Сүлейменовтің есімі берілді.

5 жыл бұрын (2008) Фонтенблода (Франция) «Н.Назарбаев — ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жасаушы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Мерекелік шараға қаланың саясаткерлері, іскерлер мен академиялық ортаның өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер мен ғылым тұлғалары және қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақ студенттері қатысты.

8 жыл бұрын (2005) 10-13 желтоқсан аралығында Астанада І Халықаралық «Астана — Жас скрипкашы» байқауы болып өтті.
Байқау «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Қазақ ұлттық музыка академиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға арнайы музыка мектептерінен келген төменгі топтағы 10-12 жас және жоғары топқа жататын 13-15 жастар аралығындағы оқушылар қатысты. Бас жүлдеге Қазақ ұлттық музыка академиясы жанындағы музыкалық мектеп оқушысы Лейла Ахметова мен Қырғызстаннан келген Айзада Болатбекқызы ие болды.

6 жыл бұрын (2007) Алматының «Алтын бесік» ықшамауданының бір көшесіне Әнет баба есімі берілді.
Әнет баба Кішікұлы (1626-1723) — Тәуке ханның уәзірі, «Жеті жарғыны» жүйелеушілердің бірі. Бұхар медресесін тәмамдаған. Әнет баба билер институтын қалыптастыруда үлкен белсенділік танытқан. Туған жерінің азаттық пен бостандығы үшін, туған елінің бірлігі мен татулығы үшін күрескер болған. Өзінің бес ұлымен қатар жоңғар шапқыншылығы кезінде қаза тапқан.

4 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес процессуалдық заңнамаға келтірілген, елімізде үш буынды сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

ЕСІМДЕР

124 жыл бұрын (1889-1970) ғалым, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО География қоғамының құрметті мүшесі, Қазақстанда гляциология ғылымының негізін салушылардың бірі ПАЛЬГОВ Николай Никитич дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. Мәскеу құрылыс училищесін, Бүкілодақтық сырттай оқыту институтын бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясы география секторының меңгерушісі, КСРО География қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты — мұздықтардың пайда болуы, олардың көлемін, қуатын анықтау. Іле Алатауы жоталарындағы мұздақтардан бастау алатын өзендердің гидрогеографиясын және гидрологиялық режимін зерттеуге елеулі үлес қосты. Жетісу, Сырдария облыстары жерін алғашқылардың бірі болып топографиялық картаға түсірді. Тянь-Шаньдағы екі мұздық, Полюстік Оралдағы бір мұздық Пальгов есімімен аталады.

104 жыл бұрын (1909-1999) ғалым-педагог, филология ғылымының кандидаты, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, республиканың жоғарғы мектебіне еңбек сіңірген қайраткері АҚМҰРЗИН Сәрсен дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған. Батыс Қазақстан облысы Сламихин (Жалпақтал) педагогикалық техникумын бітірген. Орал қаласындағы қазақ орта мектебінің (№11 мектеп-интернат) директоры, Батыс Қазақстан педагогикалық институтының оқытушысы, ректоры, проректоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 28 ғылыми еңбектің авторы. Негізгі ғылыми еңбектері жоғары оқу орындары мен орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдісін жүйелеуге, қазақ әдебиетінің даму тарихын қарастыруға арналған. Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

103 жыл бұрын (1910-1971) қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген шахтері СЕРҒАЗИН Файзолла дүниеге келді.
Ақмола губерниясының Атбасар уезінде (Ақмола облысы) туған. Мәскеу тау-кен институтын, КСРО көмір өнеркәсібі академиясын, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын бітірген.
1929-1931 жылдары — Қазақ АКСР НКВД істері меңгерушісі. 1936-1950 жылдары — шахта телімі бастығы, «Қарағандыкөмір» тресінің инженер-диспетчері, шахтаның бас инженері, «Қарағандыкөмір» комбинаты ашық жұмыстары басқармасының бас инженері. 1952-1957 жылдары — «Ленинкөмір» тресінің басқарушысы. 1957-1963 жылдары — Қарағанды ауыл шаруашылығы кеңесі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1963-1964 жылдары — Қарағанды облыстық өндірістік атқару комитетінің төрағасы. 1964-1967 жылдары — Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы. 1967-1970 жылдары — Қазақ КСР Көмір өнеркәсібі басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1970-1971 жылдары — «Қарағандыкөмір» комбинаты бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 2-дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.

68 жыл бұрын (1945) әскери қайраткер, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты — Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі АЛТЫНБАЕВ Мұхтар Қапашұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген.
Әскери ұшқыш-инженер. Армия генералы. Саяси ғылымдарының кандидаты. Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, Перм облысындағы Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, Самарқан қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясы командирінің орынбасары, командирі, Мары қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясының командирі, Алматы облысы Борандай поселкесіндегі Әуе қорғанысы корпусының командирі, Әскери-әуе күштерінің басшысы — Қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Штаб басшылары Комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі рет Қорғаныс министрі болып тағайындалған. 2010 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған.
«Отан ордені» және Алтын жұлдызбен, ІІ дәрежелі «Барыс», «КСРО Әскери күштерінде Отанға қызметі үшін», Ресей Федерациясының «Дружбы народов», «Петр Великий» ордендерімен және жиырма алты медальмен марапатталған.

58 жыл бұрын (1955) «Ардфильм» компаниясының директоры, кинорежиссер, продюсер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ӘМІРҚҰЛОВ Ардақ Жамансарыұлы дүниеге келді.


Жамбыл облысында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институтын бітірген.
Темірбек Жүргенов атындағы Алматы көркем театр институтының (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) оқытушысы, профессоры. 1988-1992 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. 1992-1996 жылдары — «Қазақфильм» киностудиясының бас директоры қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап — қазіргі қызметінде.
Ол түсірген «Отырардың күйреуі» фильмі Монреалда (Канада) өткен Халықаралық кинофестивальда ФИПРЕССИ сыйлығына, Фигейра да Фошта (Португалия) өткен Халықаралық кинофестивальда «Серебряная пластина» сыйлығына, Ашхабатта (Түркменстан) өткен Халықаралық кинофестивальда «Серебряный полумесяц» сыйлығына ие болып, Алматыда өткен «Қазақ киносы -бүгін» байқауында Гран-приді жеңіп алды. 1997 жылы режиссердің «Абай» атты фильмі Ташкент қаласында өткен Халықаралық кинофестивальда «Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» номинациясы бойынша «Серебряный Семург» сыйлығына ие болды. 2008 жылы «Қош бол, Гүлсары» кинофильмі Астанада өткен V Халықаралық «Еуразия» кинобайқауында Гран-приді жеңіп алған.
«Шанхай» кинофильміне продюссер болып, «Абай», «Записи Рустема с картинками», тағы басқа фильмдерді түсірген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

67 жыл бұрын (1946) ҚР Есеп комитеті аппаратының басшысы СУПРУН Виктор Васильевич дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Свердлов тау-кен институтын бітірген, кен инженері.
1964 жылдан — Көкшетау облысының Красноармейск ауданында 8 жылдық  мектептің мұғалімі. 1965 жылдан — Якут мемлекеттік университетінің, Свердлов тау-кен институтының студенті. 1970 жылдан — Киров облысындағы Верхнекамск фосфорит руднигінде кен учаскесінің ауысым бастығы, кен цехы бастығының орынбасары, директордың өндіріс жөніндегі көмекшісі, директордың көлік және өндіріс жөніндегі орынбасары. 1979 жылдан Брянск фосфорит зауытының бас инженері. 1984 жылдан — Ақтөбе облысындағы Шилісай фосфорит руднигінің директоры, 1990 жылғы мамырдан бас технологы, бас кеншісі, жетекші кен инженері. 1991 жылдан Октябрь аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1995 жылдан — Алға аудандық әкімшілігінің әкімі. 1995 жылғы қазаннан — Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық экономика басқармасының бастығы. 1996 жылдан — Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2002 жылдан — Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2006 жылғы қазаннан — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылғы қыркүйектен — ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты жетекшісінің орынбасары. 2008-2012 жылдары -с ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде — 2012 жылғы қыркүйектен бері.
«Құрмет», «Достық», Орыс православ шіркеуінің ІІІ дәрежелі Серафим Саровский, ІІІ дәрежелі Даниил Московский ордендерімен, 3 медальмен марапатталған.

72 жыл бұрын (1941) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті ДҮЙСЕНОВ Сембай Төлебайұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген, инженер-электрик. 1968-1972 жылдары — Электронды есептеу машинасының қызмет көрсету бюросының бастығы, Павлодар трактор зауытының инженері. 1972-1987 жылдары — Паавлодар автоматты басқару жүйесі жобалау-конструкторлық институтында есептеу орталығының меңгерушісі, есептеу техникасы зерттеу бөлімінің меңгерушісі. 1987-1990 жылдары — Павлодар өндірістік есептеу техникасы және ақпараттандыру кәсіпорнының директоры. 1990-1993 жылдары — «Қазақ Есептеу техникасы институты» ғылыми-өндірістік бірлестігі» АҚ бас директорының орынбасары. 1993-1996 жылдары — «Мақсат-Телесистем» бас директоры. 1997-1998 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар институтында жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары — «Аэлита» Қазақстан-Ресей инновациялық бірлескен кәсіпорнының вице-президенті. 2001-2003 жылдары — «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары. 2003-2005 жылдары — «Сайман» АҚ бас директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары — «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ спутник жүйесі департаментінің директоры. 2007 жылғы маусым-тамыз айларында — «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті. Қазіргі қызметінде — 2007 жылғы тамыздан бері. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

57 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ЖАЗЫЛБЕКОВ Нұрлан Әбдіжапарұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы энергетика институтын (1981 ж.), Экономика және құқық академиясын (2004 ж.) бітірген. Оқу бітіргеннен кейін Алматы энергетика институтында ғылыми қызметкер, Жамбыл шыны зауытында бас энергетик болып жұмыс істеген. 1987 — 1989 жж. — Жамбыл қаласының тұрғын үй шаруашылығы өндірістік тресі электр қызметінің бастығы. 1989 — 1991 жж. — Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты ҒЗЖ-ның бас инженері. 1991 — 2012 жж. — кәсіпкерлік қызмет атқарды. 2003 — 2012 жж. — «Қарасай кәсіпкерлер одағы» ҚБ төрағасы. 2009 — 2012 жж. — «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» Алматы облысы бойынша басқармасының төрағасы. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап — бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2005 жылдан бастап — «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» басқармасының мүшесі. 2011 жылдан бастап — «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі. 2012 жылдан бастап — «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» төралқасының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, 2 дәрежелі «Атамекен» медалімен, «Тандаулы тұлғалар» энциклопедиясының батыры құрмет медалімен марапатталған.

53 жыл бұрын (1960) ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры РЫСПАЕВ Асхат Наурызбайұлы дүниеге келді.

Омбы қаласында (РСФСР) туған. Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы әскери академиясын бітірген.

1982-1985 жылдары — мотоатқыштар взводының, ротасының командирі. 1985-1992 жылдары — Совет аудандық әскери комиссариаты бөлім бастығының аға көмекшісі, Фрунзе аудандық әскери комиссарының орынбасары. 1992-2000 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігінде аға офицер, басқарма бастығының орынбасары — бөлім бастығы, кадрлар департаменті бастығының орынбасары, кадрлар және әскери білім департаменті бастығының орынбасары. 2000-2001 жылдары — ҚР ҚК Бас Штабы Қарулы Күштердің перспективалы бағдарламаларын дамыту орталығы бастығының орынбасары. 2001-2002 жылдары — ҚР Қарулы күштері әскери білім бас басқармасы бастығының орынбасары. 2002 жылы — ҚР Білім министрлігінің кадрлар департаменті бастығының орынбасары. 2002-2008 жылдары — ҚР Білім министрлігі кадрлар департаментінің бастығы. 2008-2012 жылдары — ҚР Білім министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы. Қазіргі қызметінде — 2012 жылғы сәуірден бері.

42 жыл бұрын (1971) ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы АЙТАХАНОВ Ерлан Қуанышұлы дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, экономист, заңгер.

1994-1995 жылдары — «Alem Bank Kazakhstan» экономисі. 1995 жылы — Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бас маманы. 1995-1997 жылдары — «Газойл» фирмасының қаржы директоры. 1997-1998 жылдары — «Қазақстан темір жолы» РМК өзара есептесу бөлімінің бастығы. 1998-1999 жылдары — «Қазақстан темір жолы» РМК «Жолаушылар тасымалы» мемлекеттік еншілес кәсіпорны директорының орынбасары. 1999-2002 жылдары — «Қазақстан темір жолы» РМК қаржы және бухгалтерік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы. 2002-2003 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қаржылық реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2003-2004 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі. 2005-2006 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары — Алматы қаласы тарифтерді басқару басқармасының бастығы. 2008 жылғы сәуірден — Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті басқармасының (инспекциясының) бастығы, 2007-2009 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы. 2009-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде — 2012 жылғы ақпаннан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1973) ҚР көлік және коммуникация министрліі Байланыс және ақппараттандыру комитетінің төрағасы НҰРШАБЕКОВ Ризат Рахатбекұлвы дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Алматы энергетика институтын «Радио байланыс, радио хабарларын тарату және телевизия» мамандығы бойынша аяқтады.

Алғашқы еңбек қызметін Республикалық МЭИ бөлімінде инженер болып бастады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникация және туризм министрлігі Көлікті бақылау комитетінің Байланыс саласын бақылау басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2001 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Байланыс саласын және РЖС пайдаланылуын жоспарлауды лицензиялау басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2003 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде қызмет етті. Алғашқыда Мемлекеттік бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, 2005 жылғы наурызда Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаментінің директоры, 2006 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2007 жылғы ақпанда «Қазақтелеком» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. 2012 жылғы ақпаннан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы.

«Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

192 жыл бұрын (1821-1878) орыс ақыны, әдебиет қайраткері НЕКРАСОВ Николай дүниеге келді.

112 жыл бұрын (1901-1983) клоун, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері РУМЯНЦЕВ Михаил Николаевич (Карандаш) дүниеге келді.

109 жыл бұрын (1904-1975) чех және словак саяси қайраткері, 1957-1968 жылдардағы Чехословакия президенті, 1953-1968 жылдардағы Чехословакия Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы НОВОТНЫЙ Антонин дүниеге келді.

95 жыл бұрын (1918-1995) еңбек сіңірген спорт шебері (1949); КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы; мәскеулік ЦСКА командасының (1947-1975) және КСРО құрамасының (1958-1960, 1962-1972) жаттықтырушысы ТАРАСОВ Анатолий Владимирович дүниеге келді.