Жарияланды: 730

"100 мектеп және 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасының қаржысын игеру облыстарда кешеуілдеп отыр - сенатор

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "100 мектеп және 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасының қаржысын игеру облыстарда кешеуілдеп отыр, деп мәлімдеді бүгін сенат депутаты Евгений Аман республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жүз мектеп пен жүз аурухана салуды мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігінің негізінде жүзеге асыру мақсатын қоюға байланысты қаржының жай бөлінуі салдарынан мәселе туындады". "Мектептер мен ауруханаларды салу үшін типтік жобалар бар деп межеленген, алайда, олай болмай шықты. Соның салдарынан өңірлер жобалық-сметалық құжаттамаларды жасауды өз бетімен қаржыландыра бастады, ал ол өз кезегінде жоба жасау және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мерзімін кешеуілдетуге алып келді. Соған сәйкес өңірлерге трансферт түрінде жіберілген қаржыны игеруге мүмкіндік болмай қалды", - деді Е. Аман. Мәселен, сенатордың ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында 3,5 млрд теңгенің орнына ең көп дегенде 2 млрд теңге ғана игерілмек. "Ахуал белгілі дәрежеде біркелкі деуге болады, сол себепті осы жылғы бюджеттің аясында түзету енгізуді сұраймын", -деді Е. Аман өзінің депутаттық сауалында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть