Жарияланды: 50

108 килограммнан 48-ге дейін арықтаған келіншек құпиясымен бөлісті

108 килограммнан 48-ге дейін арықтаған келіншек құпиясымен бөлісті

Флорида штатындағы Американың Джексонвилл қаласының тұрғыны бір жылда 45 келі салмақ тастап, өзінің құпиясымен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

30 жастағы Дженни Вагнердің дене бітімі спортшылардыкі секілді болған. Алайда, ол 20 жасында тұрмысқа шыққанан кейін салмақ жинай бастағанын айтады. Жүктілік кезінде ол 13 келі салмақ тастаған. Бірақ бала босанғаннан кейін қайтадан салмақ жинай бастады.

Дәрігерлер оған аналық бездің поликистоз синдромы диагнозын қойып, дәрі-дәрмектер жазып, салмақ тастауға кеңес берді.

Вагнер 2018 жылы жаңа жылдық кеште түскен суреттерін көргенде шошып кеткен. Ол кезде келіншектің салмағы 108 келі болған.

"Мен ол кезде өзімді сымбатты спортшы қыз ретінде сезінетінмін. Бірақ содан кейін мен өзімнің суретімнен шынайы бейнемді көрдім", - деп түсіндірді ол.

Содан кейін әйелі күйеуі Натанмен бірге кетогендік диетаға отырады. Сонымен қатар, отбасы белгілі бір уақыт аралығында өздеріне аштық жариялап отырды. Олар түскі уақыт пен кешкі сегіздің арасында ғана тамақ ішкен. Диета барысында Вагнер көмірсутегі аз, ақуызы көп, майы орташа өнімдер тұтынған. Сонымен қатар, келіншек қанттан бастартқан. Алғашқы айда ол жеті келі салмақ тастады, небәрі тоғыз айда 36 келіден арылған.

Әйел күнде қабылдайтын калория мөлшерін есептеп, күніне жарты сағат спортпен айналысқан. Ол тенис ойнағанды, жүзуді, серуендеуді және жүгіруді ұнатады.

"Мен калорияларды санауды бастамас бұрын, екі-үш ер адамның қарны тоятын тамақ жейтінімді түсінбейтінмін. Калорияларды есептеу менің көзімді ашты", - деді Вагнер.

Келіншек салмақ тастағысы келетіндерге өзімен мақсаты бір адам табуды ұсынды. Натан онымен бірге 14 келі салмақ тастап, оның салауатты өмір салтын ұстануына көмектесті. Сонымен қатар, Вагнер көбірек су ішуге кеңес береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін