Жарияланды: 430

10-қазанда Алматыда ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің 14-отырысы өтеді

10-қазанда Алматыда ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетінің 14-отырысы өтеді. Бұл туралы ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінің 8-қазанда таратқан хабарламасында айтылған.

Жұмыс бабындағы бұл отырыстың күн тәртібінде мемлекетаралық кеңес 2003-жылдың 27-сәуірінде қабылдаған Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығын 2003-2006-шы және одан кейінгі жылдарда дамыту жөніндегі басым бағыттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу , сондай-ақ, оларды жүзеге асыру шаралары туралы талқылау межеленген. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл мәселе бойынша Интеграциялық кеңес осымен төртінші мәрте бас қосып отыр. Осы мақсатта арнаулы құрылған үкіметаралық жұмыс тобы ЕурАзЭҚ-ын дамыту жөніндегі орта мерзімдік басым бағыттарды жүзеге асыру шараларының егжей-тегжейлі жобасын жасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін