Жарияланды: 630

10-шілдеде Siemens компаниясы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Алматы іргесіндегі Алатау ауылында негізі қаланатын техносаябақтың бизнес-жоспарын табыс етеді

10-шілдеде Германияның Siemens компаниясы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Алматы іргесіндегі Алатау ауылында негізі қаланатын техносаябақтың бизнес-жоспарын табыс етеді . Бұл туралы бүгін, 3-шілдеде Ұлттық Ядролық орталықтың ядролық физика Институтының директоры Қайрат Қадыржанов KZ-today тілшісіне хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы Ұлттық Ядролық орталықтың ядролық физика Институтының базасында арнайы техносаябақ құру туралы шешімді ҚР үкіметі индустриялық даму бағдарламасы шеңберінде 2003-жылдың 11-ақпанында қабылдаған болатын. 90 гектар алқапты иемденген техносаябақ аясында төтенше салық және кедендік тәртіп сақталады. Техносаябақта ақпараттық технологияларды дамыту, Ядролық физика институтының басты профильдік қызметі болып табылатын жоғары технологиялық қолданбалы ядролық техногияларды дамыту, радионуклидтерді өнеркәсіп және медицинада қолдану жобалары жүзеге асырылады. Техносаябақ іс-қызметі Инновациялық қордан қаржыландырылады. Бағдарлама шеңберінде тағы да осындай техносаябақтар Степногорск, Курчатов және Приозерск қалаларында бой көтермек. Степногорск қаласында биотехнологиялық даму орталығы құрылса, Курчатов қаласында ядролық технологиялар орталығы, ал Приозерск қаласында ғарыштық спутниктерді қадағалау орталығы құрылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть