11 қаңтардағы саудада доллар сәл қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
11 қаңтардағы саудада доллар сәл қымбаттады

11 қаңтардағы саудада доллар сәл қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,31 теңгеге көтеріліп, 462,20 теңге болғанын мәлімдеді.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,10 теңге (-0,01) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық әлі аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,2 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462,5-466 теңге, еуро 493-498 теңге, ресей рублі 6,35-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.


11 қаңтардағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті.

Мәселен, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,9%-ға төмендеп, барреліне 79,35 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар