1-10 балл. Оқушылар қандай критерий бойынша бағаланады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-10 балл. Оқушылар қандай критерий бойынша бағаланады?

1-10 балл. Оқушылар қандай критерий бойынша бағаланады?

1-10 балл. Оқушылар қандай критерий бойынша бағаланады?

  • 24 Қыркүйек 2020
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру орталығының директоры Манара Адамова «Қашықтан оқыту кезіндегі формативті бағалау» туралы өткен онлайн брифингте айтып берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

1-10 балл аралығындағы балды критерийлер арқылы балға айналдырған кезде оны процентке шаққандағы жіктеу үлгісін ұсындық. Әдістемелік нұсқау хатта да, академияның сайтында да орналастырылған. Формативті бағалау бойынша жадынама ретінде бірілген. Облыстық әдістемелік кабинеттер арқылы да таратылып, барлығына берілді. Яғни түсінікті болу үшін тек қана мұғалімдерге емес, формативті балды қоюдың жадынамасын ата-аналарға да беру ұсынылған болатын, — деді Манара Адамова.

Сонымен қатар орталық директоры балл баланың қандай жетістігі, нәтижесі үшін қойылатынына тоқталды.

1 балл мен 10 балдың процентке жіктелген кездегі критерийлері қасында жазылып тұр. Мысалы, мұғалім сабаққа дайындап әкелген тапсырмаларының бала 10%-ын орындады, сабақта белсенді болды, қойған сұрақтарға өздігінен жауап бере алды, өздігінен тапсырманы орындады, мұғалімнің көмегімен орындады. Яғни 1-10 балдың әрқайсысының тұсына өзінің критерийлері жазылып тұр. Егерде критерийлер жеткіліксіз болса, мұғалім тағы да өзі қосымша критерийлер қоя алады. Егер пәнге қатысты тапсырманың қандай да бір ерекшелігі болатын болса. Сондықтан оқышының алған балы ата-анаға түсінікті болуы үшін мұғалім ата-аналар жиналысын өткізгенде немесе баланың күнделігі арқылы да таныстыру үшін жолдауына болады, — деді ол.

Директордың сөзінше, әдістемелік нұсқау хат ата-анаға да, мұғалімге де қолжетімді болуы үшін оның электронды нұсқасы Telegram-ботта әзірленген. Яғни кез келген ата-ана, мұғалім критериалды бағалау бөлімін ашып, танысуға мүмкіндік бар.


​​​​

Соңғы жаңалықтар