12 000-нан астам атбасарлық «Пакеттерге жоқ дейміз!» экологиялық акциясына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 000-нан астам атбасарлық «Пакеттерге жоқ дейміз!» экологиялық акциясына қатысты

12 000-нан астам атбасарлық «Пакеттерге жоқ дейміз!» экологиялық акциясына қатысты

Атбасар еріктілері отандастарын полиэтилен пакеттерден бас тартуға шақыра отырып, қоршаған ортаны жақсарту бойынша белсенді қызметін жалғастыруда.

  • 8 Желтоқсан 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

«Пакеттерге жоқ дейміз!» экологиялық акциясын жүзеге асыруға «Ангел» қоғамдық бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын ұтып алған болатын, акция атбасарлықтардың шынайы қызығушылығын тудырды.

Жоба жұмыс істеген уақытта эковолонтерлер қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, олардың пакеттерден бас тартуға дайындығын біліп, ақпараттық парақшалар таратты, пластиктің зияны туралы әлеуметтік желілерде хабарламалар жариялады.

Науқан барысында жоба қатысушылары пластикалық пакеттерді пайдаланудың салдары туралы айтып, оларды қолданбауға үгіттеді. Сондай-ақ, Атбасардың білім беру ұйымдары мен әкімшілік мекемелерінде пластиктің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны туралы плакаттар рәсімделді. Осылайша, «Пакеттерге жоқ дейміз!» қоршаған ортаны полиэтилен пакеттермен ластамау акциясына Атбасар ауданының 12 000-нан астам тұрғыны тартылды.

Полиэтелен пакеттерге балама ретенде жәй матадан тігілген сөмкелер ұсынылды. Оларды насихаттау мақсатында «Ангел» ҚБ «Менің таңдауым – Экосумка» шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқау қатысушылары сөмкелер тігіп, бейнероликтер әзірледі, суреттер салып, өлеңдер мен эсселер жазды, көп реттік сөмкелердің пайдасы туралы фотожұмыстар жасады. Жобаға қатысқан белсенді эковолонтерлер мен үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары сыйлықтармен марапатталды.


«Пакеттерге жоқ дейміз!» акциясы аясында қаланы пластиктен, полиэтилен пакеттерден және қоқыстан тазарту бойынша 10-нан астам сенбілік өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қорына осы жобаны іске асыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Ал барлық еріктілерге жаңа маңызды жетістіктер, мықты рух пен денсаулық тілейміз! Сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыз барлығына үлгі болсын, өйткені сіздердің арқаларыңызда біздің әлем мейірімді, таза, қауіпсіз және бақытты болады, — деді жоба авторы, «Ангел» ҚБ жетекшісі Людмила Петрова.

Естеріңізге сала кетейік, «Ангел» ҚБ «Пакеттерге жоқ дейміз!» акциясын жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық проблемаларды жергілікті шешу» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша грант жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар