12 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

12 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жер-жерлерде қар, боран, қатты жел күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 12 Ақпан 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде желдің екпіні күшейіп, 15-20 м/с-қа дейін барады. Қостанай облысының бірқатар жерлерінде боран соғып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде қатты аяз болады деп күтілуде.