Жарияланды: 140

12 мен 18 жас аралығындағы балалар вакцина алады

12 мен 18 жас аралығындағы балалар вакцина алады Сурет - Газета ру

Елімізде осы күзде  12 мен 18 жас аралығындағы балаларға «Pfizer» вакцинасы салынуы мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі  осы препаратты елге жеткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазақстандықтар үшін бұл препарат қазан айында қолжетімді болуы тиіс. Қазір елде дельта штамының өршуіне байланысты дерт балалар арасында дендеп жатқанын аытып, дәрігерлер дабыл қағуда. Сол үшін ата-анасының рұқсатымен, екпе 12 жастан асқан жеткіншектерге салынуы мүмкін. "Бұл әлем тәжірибеде бар" деген ведомство өкілінің сөзінше, бүгінде дейін әлем елдерінде «Pfizer» вакцинасын қабылдаған балаларда ешқандай жанама әсер байқалмапты.

 Одан бөлек, бас қалада өткен брифингте жаңадан шыққан тағы бір вакцина жайы қозғалды. Күні кеше Ресейде ресми тіркеуден өткен бір компоненті «Спутник лайт» екпесін де жақын уақытта ел аумағына жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.   

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.  
 
ЕРЖАН БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Бұл вакцинаның тиімділігі 80 пайызды құрайды. Ең бастысы бір дозалы. Кей азаматтар екі дозасын салғысы келмесе, осы спутник лайт салғысса болады. Ал қашан алып келеді деген сұраққа, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр».

"Спутник лайттты"өндірген ғалымдардың дерегінше, бұл вакцинаның айтарлықтай кері әсері жоқ. Тек екпе салынған орынның ауырсынуы байқалып, сирек жағдайда дене қызуы көтерілуі мүмкін. Айта кетейін, бүгінге дейін  елімізде екпенің қос компонентін 2 млн 700 мың қазақстандық қабылдаған. 11 мың отандасымыз медициналық қарсы көрсетіліміне сәйкес, вакцина салдырудан босатылды. Ал тамыздың 10-ына  дейін екпенің бір компонентін алып үлгермеген өзге қызметкерлерді жұмыс беруші қызметінен шеттетуге құқылы, дейді жауапты министрлік өкілдері.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін