Қырғызстан Премьер-Министрі Темір Сәриевтің айтуынша, бұл күні екі мемлекет көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен Қазақстан және Қырғызстан шекараларын ашу рәсімі өтеді. «Осы күннен бастап Қырғызстан ЕАЭО-ға мүше басқа елдермен бірге өзінің тауарларын, қызметтері, капиталы мен жұмыс күшін еркін қозғалта алады. Бұл азаматтар мен бизнесмендер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады», — деп атап өтті Темір Сәриев. Естеріңізге сала кетсек, ҚР-ның Кеден одағына, одан кейін ЕАЭО-ға кіру үдерісі 2011 жылы басталды. Осылайша ертең елдің еуразиялық интеграциялық қоғамдастықтағы мүшелігі ресімделетін болады, — деп хабарлайды
http://24.kz/.