12 жастағы ұлын өлтірген алматылық әйел артынан өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 жастағы ұлын өлтірген алматылық әйел артынан өз-өзіне қол салды

12 жастағы ұлын өлтірген алматылық әйел артынан өз-өзіне қол салды

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  • 26 Қаңтар 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Полиция дерегінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар