«Сасқан үйрек артымен жүзедінің» кері ме, жыл басталғалы депутаттар «Білім беру» туралы заңды қайта қаруға кірісті. Әсіресе, 12 жылдыққа көшу реформасына көңілі толмай отыр. Білім министрлігінің 8 жылдан бері аузы талмай ұсынып келе жатқан бұл бастамасы биыл 1-ші қыркүйектен еліміздің барлық мектебінде жүзеге асуы тиіс еді. Алайда, оның аясыз қалатын түрі бар. Баланы 6 жастан мектепке беру — болашағына балта шабумен тең деп, кезіне идеяны қолдаған депутаттардың өздері енді наразы боп отыр.
Галина Баймаханова, Мәжіліс депутаты:
-Білім министрлігінің 12 жылдыққа көшеміз дегені қағаз жүзінде қалды. Қанша министр ауысты, ешқайсысы түк бітірген жоқ. 12 жылдық білімге түбегейлі қарсымыз. Өйткені, елде ұстаздар аз. Мектеп тапшылығы тағы бар. Шалғай жерлерде ғимарат жетпегендіктен оқушыларды жалдамалы үйлерде оқытуға мәжбүр.
Бұл 12 жылдыққа көшетін Шымкент іргесіндегі Құрсай мектебі. Мектеп деген аты болмаса оқушылар жарты ғасырдан асқан, құлағалы тұрған ғимаратта оқып жүр. Жартылай қараңғы бар-жоғы 3-4 бөлмеде парта да тапшы. Ұстаздар жеткіліксіз. Ал, 1700 оқушы сыймай қалса, қалған сыныптарды маңайдан жалдамалы пәтерлерді жалға алып, сабақты сол жерде өткізеді екен. Сондықтан күй кеткен мұндағы мұғалімдер 12 жылдыққа қарсы.
Сәуле Өтебаева, мектеп директоры:
-Ал, қазіргі таңда мынадай жағдайда 11 жылдың өзі де жақсы деп ойлаймын. 11 жылда да балаларды жақсылап оқытып, балаларға тәрбие беруге болады.
Осылайша, 12 жылдыққа көшу сол қағаз жүзінде қалатын түрі бар. Тәуелсіздік алғалы басынан дау арылмаған білім саласын 12 министр басқарды. Жаңасы келген сайын жаңа реформаны қолға алып, соңы аяқсыз қалатын. Ал 13-ші министр Аслан Сәрінжіпов даулы бастаманы жалғастыра ала ма жоқ па бұл жағы белгісіз. Себебі 12 жылдықты тоқтатуды талап еткен депутаттардың ұсынысын Үкімет қабылдап жіберуі де әбден мүмкін.