120 метрді қамту мүмкіндігі бар: Шымкентте соңғы үлгідегі 800 бейнебақылау камералары іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
120 метрді қамту мүмкіндігі бар: Шымкентте соңғы үлгідегі 800 бейнебақылау камералары іске қосылды

120 метрді қамту мүмкіндігі бар: Шымкентте соңғы үлгідегі 800 бейнебақылау камералары іске қосылды

Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов мегаполисте 120 метрді қамтитын 800 бейнебақылау қондырғысы іске қосылғанын мәлімдеді. Айтуынша, қаладағы 100 көше қиылысына орнатылған 877 бейнебақылау жол белгілері қойылған соң іске қосылатын болады. Қаланың бас полицейі жол қозғалысын реттейтін бұл камералардың мүмкіндігі зор екенін айтады.

  • 17 Қараша 2021
  • 17049
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл бейнебақылау жүйесі жылдамдықты ғана емес, жүргізушілердің бағдаршамға қарамай өту, жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау деректерін де автоматты түрде тіркейді. Осыған дейін қолданыста болған қондырғылардан айырмашылығы жаңа құрылғылар жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеп, жол бұзу ережелерін 120 метрден қамтиды. Жүйеге түскен құқық бұзушылықты полиция қызметкері өңдеп, автоматты түрде бірден автокөлік иесінің ұялы телефонына 1414-тен әкімшілік айыппұл тіркелгені туралы хабарлама жібереді. Егер автокөлік иесінің телефон нөмірі қолданыста болмаса,  тіркелген мекенжайына пошта арқылы хабарлама жолданады. 

"Камералар орнатылғалы жол апаты да азайып отыр. Биылғы жылдың 10 айында жол көлік оқиғалары салдарынан 48 адам қаза тапқан. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда18,8 пайызға азайған. Ал дене жарақатын алғандар саны 248 құрап, былтырғымен салыстырғанда 20,3 пайызға кеміген" — дейді полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов.   

Қалада жол жиегіндегі бейнебақылау қондырғыларын жаңарту үшін 4 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалғанын алға тартқан  қаланың бас тәртіп сақшысы бұл қаржының бүгіннің өзінде ақталғанын қадап айтты. Шымкент қаласы аумағында қазір компьютер, принтермен жабдықталған 8 арнайы автокөлік әкімшілік айыппұлдары бар жүргізушілерге ескерту таратып, төлеу қажеттілігі туралы ескертулер жасайды. Жүйеде почта арқылы және ұялы телефонына жолданған хабарламаларды автокөлік иесі алғаны туралы белгі де көрініп тұрады.

Бүгінде Шымкент аумағының 70 пайызы тиісті құрылғылармен қамтылған. Камералар  шахматты әдіспен орнатылған. ПД мәліметінше, олардың саны артқалы салынған айыппұл көлемі де өскен. Айта кетейік,  биыл көлік жүргізушілеріне салынған 455 млн теңгеден астам айыппұлдың жартысы өндіріліпті. Ал былтыр қалада жол ережесін бұзғандарға жалпы сомасы 100 млн 794 мың теңге айыппұл салынған.


Айта кетейік, автокөлік иесіне хабарламаны алғаннан кейін, заң талаптарына сай 7 тәулік ішінде әкімшілік айыппұлдың 50 пайызын төлеу құқығы беріледі. Ал 100 пайызбен шығарылған әкімшілік айыппұлды құқық бұзушыға 30 тәулік ішінде төлеуі тиіс. Егер айыппұл уақытылы төленбесе, мәжбүрлі түрде өндіруге сот орындаушылары кіріседі. 

Соңғы жаңалықтар