14 желтоқсаннан бастап Ресейден Қазақстанға қатынайтын екі пойыздың жүрісі тоқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 желтоқсаннан бастап Ресейден Қазақстанға қатынайтын екі пойыздың жүрісі тоқтайды

14 желтоқсаннан бастап Ресейден Қазақстанға қатынайтын екі пойыздың жүрісі тоқтайды

2014 жылғы желтоқсанның 14-інен бастап «Ресей темір жолдары» ААҚ жасақтайтын №325/326 «Новосібір-Алматы» және №371/372 «Новокузнецк-Қарағанды» пойыздары тоқтатылады. 

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлайды. 

«Тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты «Ресей темір жолдары» ААҚ шешімімен Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Тәжікстан бағыттарына жүретін пойыздар саны қысқартылды. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мына жайды хабарлайды: бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында 16 пойыз қатынайды. Ол пойыздардың 10-ын «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ал қалған 6-ын «РТЖ» ААҚ жасақтайды. 2014 жылғы желтоқсанның 14-інен бастап «РТЖ» ААҚ жасақтайтын №325/326 «Новосібір-Алматы» және №371/372 «Новокузнецк-Қарағанды» пойыздары тоқтайды», делінген хабарламада.

Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ жасақтайтын №301/302 «Алматы-Новосібір» пойызы кесте бойынша жүреді. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жасақтайтын Ресейге қатынайтын 10 пойыздың да жүру кестесі өзгермейді. Осыған қарамастан, ресейлік пойыздардың қозғалыс желісі сақталады және қажетті кезде қалпына келтіріледі.