15 ай бойы коронавируспен күрескен науқас қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 ай бойы коронавируспен күрескен науқас қайтыс болды

15 ай бойы коронавируспен күрескен науқас қайтыс болды

Ол 2020 жылдың көктемінен бастап коронавируспен күрескен, бір жылдан аса уақыт ішінде жазылмаған соң ем қабылдаудан бас тартты

  • 21 Маусым 2021
  • 131
Фото - Caravan.kz

Британиялық Джейсон Келк 15 ай бойы коронавируспен ауырып, содан кейін ем алуды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

Зертхана, архивтегі фото

© REUTERS / POOL NEW

Коронавируспен ауырмаған адамдардан антидене анықталды – ғалымдар себебін айтты

Ер адам 2020 жылдың 31 наурызында ауруханаға түсті. Содан бері ол Әулие Джеймс ауруханасында жатты. Ол коронавирусты жеңе алмады, өйткені ол диабет және астмамен ауырған.

Аурумен ұзақ уақыт бойы арпалысқан Келк отбасымен қоштасып, емделуден бас тартты. Моральдық жағынан күресуден шаршаған ол 18 маусымда қайтыс болды.


Ұлыбританияда тағы бір ерекше жағдай болды. Коронавирус жұқтырған 64 жастағы Брайан Мирнс 172 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның отбасын ауруханаға науқаспен қоштасу үшін 4 рет шақырған. Себебі олар науқастан айырылып жатырмыз деп ойлаған. Алайда ер адам есін жиды.

Ол тағы бір халықаралық әкелер күнінде (20 маусым) қыздарының жанында болғанына бақытты екенін, жазылған соң отбасымен бірге гольф ойнайтынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар