1,5 миллионшы тұрғын тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1,5 миллионшы тұрғын тіркелді

1,5 миллионшы тұрғын тіркелді

Алматыда 1 жарым миллионшы тұрғын ресми тіркелді. Ол  28- қарашада дүниеге келген Шыдас Алдан. Ата-анасы мұхиттың арғы жағында қызмет ететіндіктен баланың бірден Америка азаматы атануына мүмкіндігі болыпты. Бірақ әкесі ұлының отанында туғанын қалаған. Десе де 1 жарым миллион деген ресми көрсеткіш қана. Әйтпесе, демографтардың болжамынша келіп-кеткендерді  қосқанда оңтүстік астанада тұратындар саны 3 миллионға жуықтаған.

  • 17 Желтоқсан 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл дүние есігін ашқанына нәбірі 2 ай толған Шыдас Алдан есімді бүлдіршін. Сапарғалиевтер отбасында 4-ші болып туған. Сәбиге Алматының 1 жарым миллионыншы тұрғыны болып тіркелу қуанышы бұйырыпты.

Ербол Сапарғалиев, Шыдастың әкесі:

-Ұлым туғаннан кейін бірнеше күн өткенде Статистика агенттігенен қоңырау шалынды. Сіздің ұлыңыз Алматының 1 миллион 500 мыңыншы тұрғынына үміткер деп. Сөйтіп, олар қайдан келгенімізді сұрады. Алматыда тұрғанымызға 45 жыл болған. Баламның мұндай санмен тууы шынын айтсам тосын жағдай болды.

Бір қызығы, егер ата-анасы елге оралуды ұйғармағанда кішкентай Шыдастың Америка азаматы атанып кетуі мүмкін болыпты. Бірақ әкесі ұлының Қазақстанда дүниеге келуін қалап, әйелін елге асыға жеткізген.    

Юлия Митянина, Алматы қалалық статистика басқарамасының бөлім жетекшісі:

-1-ші қарашада статистика агенттігі соңғы санақ жүргізді. Алматыда 1 миллион 501 мың 299 адам тіркелген. Соның 1 миллион 500-шісі болып, Шыдас Алдан тұр.

Десе де 1 миллион 501 мың 299 — бұл ресми тіркеуде тұрғандары. Әйтпесе, шын мәнінде елдегі ең ірі мегаполис – Алматыда адам саны екі есеге жоғары. Оны статистика мамандары да растап отыр. Оның үстіне сырттағы болмаса, іштегі көшті бақылап отырған көші-қон мамандары жоқ.


Сәрсенбай Өтешов, демограф:

-Ресми бір көрсеткіш, ал өмірде екінші көрсеткіш.  Былай айтқанда 2 миллионнан асады. Оны бақылай алмай отырмыз. Басқа бір аламдар, методика керек. Бірақ ондай аламдар қазір жоқ.

Демографтарды алаңдатып отырғаны — осы. «Әсіресе, бейберекет келім-кетімнен қала ішілік әлеуметтік даму тежелуде», — дейді мамандар. Мәселен, аурухана мен мектеп, балабақша сынды әлемуттік орындар тіркеусіздерге лық толған. Бірақ көші-қон талыбы бойынша, өзге елден келушілер 5 тәулік ішінде, ал облыстан келушілер 3 ай ішінде уақытша болса да тіркеуге тұруы тиіс.