150 теңге үшін: Алматы облысында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
150 теңге үшін: Алматы облысында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты

150 теңге үшін: Алматы облысында белгісіз біреулер автобус жүргізушісін соққыға жықты

Алматы облысының Іле ауданында бұзақылар автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 21 Желтоқсан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Іле ауданының полициясы автобус жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы арыз түспегенін айтты. 

"Оқиға әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды. Құқық қорғау органдары жәбірленушіден түсініктеме алған жоқ. Қазір бұл оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — дейді полиция.

Қазір қажетті сараптамалар тағайындалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған жүргізушінің 20 желтоқсанда Іле аудандық ауруханасында жедел жәрдем қызметіне жүгінгенін растады.

"Ер адамға кеуде қуысының контузиясы диагнозы қойылды. Ешқай жері сынбаған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тексеруден кейін науқас амбулаториялық емделуге жіберілді", — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетіген ауылының теміржол станциясында автобус жүргізушісін бірнеше белгісіз адамдар аяусыз соққыға жыққандығы туралы ақпарат пайда болды. Ер адамға қабырғасы сынып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылғаны айтылады хабарламада.


Хабарлама дәрігерлердің жерде жатқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанын көрсететін видеоға негізделеді. Пост авторы микроавтобус жүргізушісін 150 теңгенің жол картасы үшін соққыға жыққан деп жазады.

"Бүгін 220-маршруттың жүргізушісіне Жетіген ауылының бұзақылары қарақшылық шабуыл жасады. Жүргізушіні ұрып-соғып, оның қабырғалары сынды және барлық ақшасын алып кетті", — дейді видео авторы.