Жарияланды: 420

159 адам мінген «British Airways» компаниясы ұшағының қозғалтқышы Лас-Вегас әуежайында өртеніп кетті

159 адам мінген «British Airways» компаниясы ұшағының қозғалтқышы Лас-Вегас әуежайында өртеніп кетті

British Airways әуе компаниясы ұшағының қозғалтықышы Лас-Вегас қаласының әуежайынан ұшайын деп тұрған кезінде өртеніп, жолаушылардың барлығы дереу қауіпсіз орынға шығарылды,

деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

«Маккаран» халықаралық әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ бортында 159 адам, 13 экипаж мүшесі болған. Мамандар екі адамды жеңіл жарақаттарына байланысты емханаға жеткізді.

№2276 рейс Лондон қаласына бағыт алуы керек болған.

Әуежайдың «Твиттердегі» жеке парақшасында өрт сөндіріліп, ұшу-қону алаңының біреуі уақытша жабылғаны айтылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін