"-15°С-қа дейінгі аяз": Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"-15°С-қа дейінгі аяз":  Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды

"-15°С-қа дейінгі аяз": Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 3 Қараша 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер ел аймақтарында жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтілетінін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Синоптиктер кезең басында терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді деп болжады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр болады. Шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанады. Алайда 4 қарашада циклоннан кейін батыстан антициклон келеді. Сондықтан түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3 градустан, -15 градусқа аяз, күндіз 3 градустан -8 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 градустан — 5 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градустан -10 градусқа дейін аяз, күндіз 5-тен -15 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі.