16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады

16 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы, тұман түсуі, жел күшеюі, оңтүстікте бұршақ жаууы күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитет

  • 16 Мамыр 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.


Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде тұман түседі.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-6 градусқа дейін күн суытады, Павлодар облысында кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады.