16 жасар Малала Юсуфзайдың портреті 102,5 мың долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 жасар Малала Юсуфзайдың портреті 102,5 мың долларға сатылды

16 жасар Малала Юсуфзайдың портреті 102,5 мың долларға сатылды

Пәкістандық жас құқық қорғаушы Малала Юсуфзайдың портреті Нью-Йорктегі Christie's бәссауда үйінің қайырымдылық саудасында 102,5 АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

  • 16 Мамыр 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz


Пәкістанда қыздардың сауат ашуын қолдаған шараларға қатысқан 16 жастағы блогер қыз, "Талибан" сарбаздары қастандығынан аман қалған Малала Юсуфзай балаларға арналған халықаралық бейбітшілік сыйлығына ие болған еді. Ұйым 100 мың еуроны құрайтын сыйлықты Юсуфзайға 2013 жылы 6 қыркүйекте Гаагада береді. Сыйлықты 2011 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері, Йемендік Тавакул Карман тапсырады.

16 жастағы Малала Юсуфзай өзі тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват алқабында "Талибан" қозғалысының шариғат заңдарын орнату әрекеттерін сынап, осыдан 6 жыл бұрын блог жаза бастаған еді. 2 жыл бұрын Пәкістанның солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда "Талибан" сарбаздары шабуыл жасады. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделген.

Шілде айында ол БҰҰ-ның жастар ассамблеясында сөйлеп, әлем елдері басшыларын әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға шақырған.