16 жастағы оқушы қыз жаппай зорлау әрекетінен соң жүкті болып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
16 жастағы оқушы қыз жаппай зорлау әрекетінен соң жүкті болып қалды

16 жастағы оқушы қыз жаппай зорлау әрекетінен соң жүкті болып қалды

Қыздың туыстары оны мектеп оқушылары жабылып зорлағанын айтты. Мектеп басшылығы бұл қылмысты жасырып келген.

  • 20 Ақпан 2019
  • 124
Фото - Caravan.kz

Оқиға Қарақалпақстанның Чимбай ауданында болған. Бұл туралы  centralasian.org хабарлады.

 № 14 орта мектептің бір мұғалімінің айтуынша, қыздың жүкті болып қалғанын оқушының сабаққа келмей қалуының себебін анықтау барысында білген. "Қысқы демалыстан соң ол сабаққа келмеді. Бізге ол ауырып жатыр деді. Кейін оның жүктілігіне бес ай болғаны анықталды", — деді мұғалім.

Қыздың туыстарының бірінің айтуынша, ата-анасы жүктілікті үзуге талпыныс жасаған. "Олар қызды дәрігерлерге қаратты, бірақ аборт жасатуға кеш болды. Қазір қызды Қазақстанда тұратын туыстарына жіберген", — деді ол.

Чимбай ауданындағы № 14 орта мектеп директоры Давлатмурод Жарлихонов оқушының аяғы ауыр екенін білмегенін айтты.



Журналистік зерттеулерден кейін аудандық ішкі істер бөлімі мен прокуратура қызметкелері тергеу жүргізу үшін орта мектепке барған.

Өзбекстанның Бас прокуратурасы қыз зорлау қылмысы бойынша іс қозғалғанын растады.

Соңғы жаңалықтар